2018 жылғы сумен қамту және су бұру қызметтерін көрсету бойынша Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК есебі.


2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кәсіпорын 897 шақырым су құбыры желісіне, 480 шақырым канализация желісіне, 12 бастоған, 72 көтерілім сорғы станциясына (КСС), 42 канализациялық сорғы станциясы мен тазарту имараттары кешеніне қызмет көрсетеді.  Есеп беру кезеңінде суқұбыры желілерінің ұзындығы жаңа желілерді беру есебінен ұлғайды.

Есеп беру жылы ішінде кәсіпорында 14 жаңа жұмыс орындары құрылды. Кәсіпорын жұмысшыларының орташа тізімдік саны 1025 адамды құрады. Кәсіпорын жұмысшылары: суқұбыры желілеріндегі 373 апатты, қысымды коллекторлардағы 20 жарылуды және өздігінен ағатын канализациялардағы 6073 бітелісті жойды. 2018 жылғы апаттық жағдайлардың саны 2017 жылғы деңгейде.

2018 жылы кәсіпорын 2015 жылғы 1 маусымнан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңге бекітілген, жалпы сомасы 8733 млн.теңге инвестициялық бағдарламаны іске асыруды жалғастырды. 2018 жылы 1167,4 млн.теңгеге іс-шаралар орындалды: суқұбыры желілерінде және су бұру объектілеріне 114 бірлік бекітпе арматура орнатылды; сумен қамту және берілетін суды есепке алу жүйесіндегі судың жоғалуын іздеуге арналған 15 құрал сатып алынды; «Төменгі Согра» және «Лесозауыт» бастоғандарының қоршауларын күрделі жөндеу аяқталды;  КСС сорғы жабдығын аусытру аяқталды;  лаңкестік қарым-қатынасқа осал 10 бастоған имратына бейнебақылау, рубеждік дабылнама және сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылды; Ново-Троицкое а. 3,357 шақырым сумен қамту желісі, Әуежай және ҚМК ауданына 2,756 шақырым суқұбыры желісі, Красин кентіне 2,701 шақырым суқұбыры желісі және Шмелев Лог кентіне 2,785 шақырым суқұбыры желісі салынды;  Vosca КСС-нан 0,864 шақырым канализациялық қысымды коллекторды, 7-КСС-нан 0,416 шақырым канализациялық қысымды коллекторды, 1-КСС-нан 0,73 шақырым канализациялық қысымды коллекторды және 24-КСС-нан 0,21 шақырым канализациялық қысымды коллекторды жөндеу жүргізілді; үш КСС канализациялық сорғыларын ауыстыру жүргізілді; тазарту имрататтарының қабылдау камерларын жөндеу аяқталды; тазарту имараттарының жағымсыз иістерін бейтараптандырудың «Дымқыл бөгеуіл» технологиясы енгізілді; он КСС желдету жүйесін жөндеу орындалды; 6 бірлік мамандандырылған техника сатып алынды; электр энергиясы мен суды бақылау және есепке алудың 40 бірлік автоматтандырылған жүйесі және кәсіпорын объектілеріне 14 косинустық конденсатор орнатылды.

«Нұрлы Жол» бюджеттік кредит беру бағдарламасы бойынша Солтүстік-Атаман және Төменгі Согра бастоғандарын қайта жаңғырту аяқталды (2-кезек).

Еуропалық жаңғырту және даму банкімен  (ЕЖДБ) үш инвестициялық жобаны іске асыру үшін  2247,1 млн. теңге сомасында кредит алуға арналған кредиттік шартқа қол қойылғаннан кейін: 2017 жылы ЕЖДБ ережелеріне сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын сатып алу процедуралары жүргізілді.

Сатып алу қорытындысы бойынша 2018 жылы Октябрь бастоғанын қайта жаңғыртуға Alke  Insaat Sanay ve Ticaret OJSC (Әзірбайжан) компаниясымен LUDWIG PFEIFFER Hoch- und Tiefbau GmbH & Co. KG (Германия) компаниясымен №30 және 31 КСС қайта жаңғыртуға  келісімшарттар жасалған.

Жыл қорытындысы бойынша  жөндеу жұмыстарын іске асыру нәтижесінде суқұбыры желілері бойынша тозу деңгейі 0,6% төмендеді, канализация желілері бойынша  0,43% ұлғайды.

Кәсіпорын бойынша электр энергиясының шығыны 48,3 млн.кВт.с. құрайды, ол 2017 жылға қарағанда 3,8 млн.кВт.с. немесе 8,5% төмен, ТИЦ жаңа жабдықты пайдалануға енгізу және Южно-Аульская көшесі бойындағы суқұбырын жылыту есебінен іс жүзінегі жоғалтулар – 18,04%, ол 2017 жылғы іс жүзіндегі жоғалтулардан 0,01% төмен.

2018 жылғы қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері бойынша реттелетін қызметтер көрсетуден алынған пайда сомасы 171 млн. теңгені құрады. Негізгі қызмет табысынан реттелетін қызметтердің іске асыру көлемдерінің төмендеуі себебі бойынша кәсіпорынның алынбаған кіріс сомасы 205 млн.тг. құрады.

Тарифтік сметалардың орындалуын талдау іс жүзінде тарифтік смета бекітілген деңгейде орындалғанын көрсетті.   

Есептік жылдың соңында «Өскемен Водоканал» МКК тұтынушыларының саны 121 080 тұтынушыға дейін көбейді, ол өткен жылмен салыстырғанда 1606 тұтынушы артық. Жалпы үйлік есепке алу құралдарын орнату үшін техникалық мүмкіндігі бар 1160 абаттандырылған үйдің 203 үйінде ғана жалпы үйлік есепке алу құралдарын орнату мүмкіндігі бар.

Жыл ішінде сот тәртібімен дебиторлық берешектерді өндіру үшін 29,2 млн.теңге сомасына 254 талап арыз берілді, ол 2017 жылға қарағанда 21,2% артық. 89 шешім орындалды және 5,4 млн.теңге өндірілді. «Өскемен Водоканал» МКК қаланы үздіксіз сумен қамту, ағынды суларды қабылдау және тазарту жөніндегі өзінің негізгі міндеттерін орындайды.