Тұтынушыларға хабарлама:

Тұтынушыларға хабарлама:

24.05.2019 ж. «Өскемен Водоканал» МКК Нұрлы Көш кентінің тұрғындарымен және заңды тұлғалармен кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында суды үнемдеп пайдалану үшін резервуарларға (бөшкелерге) суды күндізгі уақытта толтыру ұсынылды және хабарландыруы бар ақпараттық парақтар табысталды. Сондай-ақ, сапалы ауыз суды үнемдеп пайдалану мақсатында  кент бойынша блоктар, кірпіштер дайындау, бақшаларды суаруды белгіленген уақытта, сағат  21:00-ден  07:00-ге дейін  жүргізу туралы тұрғындарға арналған хабарландырулар жапсырылды.  

«Өскемен Водоканал» МКК сайтындағы галереяға кездесу туралы фото орналастырылды.