1 Маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні


1 Маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні

2019 жылы 30 мамырда «Өскемен Водоканал» МКК 1-маусым Балаларды қорғау күніне орайластырылған мереке өткізді. Кәсіпорын қызметкерлерінің көп балалы отбасылардың балалары мен балалар ауылының тәрбиеленушілеріне олармен көңіл көтеріп ойнау үшін балалар аниматорлары шақыртылды. Біздің кішкентай қонақтарымыз оларға қонаққа келгендерге өте риза болды, барлық балалар қызықты ойындардан және мультфильмдердегі ертегі кейіпкерлерінің қатысуына бақытты болды. Қызықты ойындар мен байқаулардан кейін балалар әртүрлі тәтті тағамдар  жайылған үстелге шақырылды. Құттықтау сөздерімен директордың ҚЭС жөніндегі орынбасары И.А.Нұрсабитова және кадрлар бөлімінің бастығы             Г.Т.Оспантаева сөз сөйледі.

Сонымен қатар, кәсіподақ комитеті төрағасы атынан И.НМалышева құттықтап тәтті сыйлықтар табыс етті.  

Біздің қызметкерлер мен балалар өздерінің өнерлерін көрсетіп, өлең оқып, ән айтып, би биледі.