Өскемен қ. сумен қамту

Қаланың сумен жабдықтау жүйесі жылына 365 күн бойы үздіксіз жұмыс істейтін күрделі, көп функциялы процесс.

Сумен қамту жүйесінің құрамына кіреді:

  • 1- көтерілім сорғы станциялары (ұңғымалар) – 65 дана.
  • 2- көтерілім сорғы станциялары – 9 дана.
  • Суқұбыр желілерінің ұзындығы – 860,3 км.
  • Көтермелеу сорғы станциялары – 71 дана;
  • Қала желілерінде 124 дана – су тарату шүмектері және 1901 дана – өрт гидранттары орнатылған.

Суды жер қойнауынан 11 бастоғандардың 65 ұңғымасынан сорғылар көтереді. Тағы бір бастоған жер үстіндегі судан алады, ол Ново-Троицк кентінде. Бес қабатқа дейін су, тек бастоған сорғылары беретін қысыммен көтеріледі, ал суды алтыншы қабаттан жоғары көтеру үшін 71 көтеру сорғы станциялары жұмыс істейді.

Күнделікті  қалалық желіге 100 мың текше метр су беріледі. Барлық шығарылған су ауыз судың сапасына қойылатын талабына және ережесіне сәйкес; тасымалдау кезінде екінші рет ластанудан сақтану үшін суды зарарсыздандырады.

Бүгінгі күні кәсіпорының су мен қамту желісіне келесі цехтар қызмет етеді:

  • қалалық бастоғандар цехы,
  • қаланың суқұбыр желілерінің цехы,
  • Аблакетка мен Солжағалау кентерінің су мен каналазация құбырлары мен имараттар цехтары қызмет етеді.

Оларға қосалқы бөлімдер: өндірістік технологиялық процесстерді кешенді автоматтандыру қызметі, бақылау-сынақ орталығы, бас механик пен бас энергетик қызметері, автокөлік цехы, орталық диспетчерлік қызмет, күзет бригадасы, өндіріс дайындау цехы болысады.

Үздіксіз сумен қамтуды қолдау мақсатында қаланың суқұбырлары желілерінде жыл сайын жұмыстар жүргізіледі: ағымдағы жөндеу, құбыр өткізгіштерді жуу, көше су таратқыштарын, өрт гидранттарын, камераларды және құдықтарды жөндеу жүзеге асырылады.