Өскемен қ. су тартуы

Су тарту жүйесі қаланы тіршілікпен қамтамасыз етудің маңызды бір бөлігі болып табылады. «Өскемен Водоканал» МКК 479,6 шақырым канализация құбырларына және 41 канализациялық сорғы станцияларына қызмет көрсетеді.

Канализация құбырларымен тұтынушылардың ағынсуы канализация сорғы станцияларына түседі. Осында ол судың алғашты тазалануы өтеді. Кесек қоқыс шүберек, шөлмек тәрізді қоқыстар арнайы орнатылған торда ұсталады. Сорғы станциясынан ағынсу қысыммен канализация коллекторларына түсіп, ары қарай Сол жағалау тазарту ғимаратына ағылады.

Сол жағалау тазарту имараттары – бұл имарттар мен технология кешені, бүкіл қаладан жиналған ағынсуды санитарлық ережеге сәйкестіріп, қоршаған ортаға зияны тиместей тазалап қайтадан табиғи су айналымына қосатын технологиялық тізбектің ең негізгі және ақырғы буыны.

Ағынсу тазалаудың негізгі екі сатысынан өтеді: механикалық және биологиялық. Механикалық сатысында торлар, құм ұстағыштар, бірінші тұндырмалар пайдаланылады. Мұндай тазалау кесек бірыңғай емес қоқыстарды ұстап қалуға, сондай-ақ қалқыған заттарды алып тастауға мүмкіндік береді. Биологиялық тазартуға аэротенктер мен екінші тұндырмалар кіреді. Ол бірінші сатыда тазаланған ағынды суда тұнбаға түспейтін заттарды ұстауға мүмкіндік береді.

Механикалық және биологиялық тазартудың толық кешені өткеннен кейін ғана, сондай-ақ зарарсыздандырғаннан кейін ағынды сулар Ертіс өзеніне ағызылады. Ағызар алдында тазартылған судың сапасын зертханада санитарлық нормаларға сәйкестігін тексереді. Микроорганизмдер де химиялық талдаудан өтеді.  Олардың жағдайын микробиолог бақылайды.

Бүгінгі күні кәсіпорның су шығару желісіне негізгі өндірістің арнайы бөлімдері:канализация цехы, Аблакетка мен  Солжағалау кентерінің су мен каналазация құбырлары мен гимараттар цехтары, содай-ақ кәсіпорынның барлық қосалқы бөлімдері қызмет етеді.

Өскеменде жаздағы жағымсыз иістің негізгі көзі – ол жалпы алаңы 7 гектар тазарту имараттарының лай тұнбасының карталары және ішінара сусыздандырылған қалдықтарды уақытша сақтау алаңы. Ішінара сусыздандырылған лай тұнбалары мен лай тұнбаоалырының карталарынан алынатын қалдықтар уақытша сақтау алаңына шығарылады, онда пайдаға асыру орындарына оларды тасымалдау мүмкіндігі мақсатымен әрі қарай кептіру (қопарыстыру және таптау) процедурасы жүреді.

1,2 га орналасқан алаңда 2018 жылғы 31 мамырдан бастап өз жұмысында «Дымқыл бөгеуіл» технологиясын пайдаланатын иісті бейтараптандырудың автономды кешені пайдалануға қосылды. Кешеннің құрамына метеостанция, автоматты араластырғыш, жұмыс ерітіндісін беретін бағадарламаланатын сорғы станциясы және алаңның периметір бойынша 5,5 метр биіктіктегі треуіштерге бекітілген 92 форсункасы бар құбыр өткізгіш кіреді, ол арқылы алаңға қоймаланған лай тұнбасына бейтараптандыру ерітіндісін шашу жүргізіледі.

Иісті бейтараптандыру кешені қолмен және автоматты режимде де жұмыс істей алады.

Автоматты режимде станцияның жұмысын реттеу басқару блогымен жүргізіледі, ол желдің бағыты мен күшін есепке ала отырып, бағыт және шашу ұзақтығын береді ол қымбат тұратын концентратты анағұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.