Қызметтерді төлеу

  Тұтынушылар назарына (жеке тұлға)!

«Өскемен Водоканал» МКК Сіздерге кәсіпорынның қызметтері үшін төлемді жеке тұлғалар төмендегідей жүргізе алатындығын еске салады:

1. Келесі банктердің барлық есептік-кассалық бөлімшелерінде:

     Kaspi Banki
   Forte banki (бiрлескен «Альянс Банкі» және «Темiрбанкі»)
   АТФ Банкі
   Қазпошта
   Халық банкі
   Нұр банкі
   Цесна банкі
   ЦентрКредит банкі
   Ресейдің Сбербанкі
   Казкоммерцбанкі

2. Көрсетілген банктердің Интернет-банкингтері арқылы;

3. Келесі төлем жүйелерінің өзіне өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы:

   Аймақтық төлем жүйелері
   Astana-Plat («Касса24»)
   Qiwi Kazakhstan

Ворошилов к., 180 мекен-жайында орналасқан Абоненттік бөлім ғимаратында комиссиясыз  «Өскемен Водоканал» МКК қызметтері үшін төлем жүргізілетін «Astana-Plat» ЖШС («Касса24») өзіне өзі қызмет көрсету терминалдары орнатылған (жұмыс күндері – сағат 08.00-ден 18.00-ге, түскі үзіліссіз, сенбіде – сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін).

4. Ворошилов к., 180 мекен-жайында орналасқан Абоненттік бөлім кассасында.

  Кассаның жұмыс тәртібі: жұмыс күндері – сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбіде – сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін. Төлемді Абоненттік бөлім кассасында жүргізген кезде түбіртек үшін төлем алынбайды.