Жеке тұлғалар үшін

ХАБАРЛАНДЫРУ

  Есеп беру айы ішінде тұтынылған қызметтердің іс жүзіндегі көлемін есепке алу үшін «Өскемен Водоканал» МКК өз тұтынушыларынан әр айдың 15-інен бастап 30-ын қоса алғандағы кезеңде есепке алу құралдарының көрсеткіштерін беруді сұрайды.

  «Өскемен Водоканал» МКК қызметтерін тұтынушыға

  ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 Қаулысымен бекітілген «Ақ бұлақ» Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 23-тармағына сәйкес коммуналдық қызметтердің әрбір тұтынушысының суды жеке есепке алу құралдары (ЖЕҚ) болуы міндетті.

  ЖЕҚ орнатуды тек тұтынушының өзі ғана емес, қызметтер нарығында есепке алу құралдарын орнатумен айналысатын мамандандырылған монтаждау ұйымдары да жүзеге асыруы мүмкін.

  Егер Сіз ЖЕҚ өзіңіз сатып алуды және орнатуды шешсеңіз, Сіз «Суық судың жеке есептегіштерін орнатуға арналған техникалық талаптарға» сәйкес (бланктің 1-бетін, бланктің 2-бетін шығарып алу) ЖЕҚ монтаждауды орындауыңыз, орнатқаннан кейін 77-48-30 телефоны бойынша қоңырау шалуыңыз және суық суды есепке алу құралын пломбылау үшін бақылаушыны шақыруыңыз қажет.

  Есепке алу құралдарын орнатумен айналысатын мамандандырылған ұйымдардың телефондарын кәсіпорынның ақпараттық-анықтамалық қызметінің 70-08-78 телефоны бойынша анықтауға болады. Суық судың жеке есепке алу құралдарын орнатыңыздар! Ауыз суды және өз қаражатыңызды үнемдеңіздер!

  2.1. Әрбір Тұтынушының «Өскемен Водоканал» МКК-мен қызметтер көрсетуге жеке шарт жасау міндеті ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 Қаулысымен бекітілген коммуналдық қызметтерді көрсету Ережелерінде бекітілген.

  Шарт тек пәтердің (үйдің) меншік иесімен келесі құжаттар болған кезде ғана жасалады: жеке куәлігі; пәтерге (үйге) меншік құқығын растайтын құжаттар;
аталған мекенжай бойынша тұратын отбасының әрбір мүшесіне ТҚКО мекенжай анықтамасы.

Үлгілік шарттың бланкісін шығару

  Шарт жасау кезінде Тұтынушыда суды есепке алу құралы болмағанда  Абоненттік бөлімнің операторы Тұтынушыға оның қолданыстағы заңнамаға сәйкес есепке алу құралын орнату міндеттілігін көрсетеді.

  2.2. Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» ШЖҚ МКК суық және ыстық  судың есептегіштері бар Тұтынушыларға есепке алу құралдарының көрсеткіштерін ай сайын беру қажеттілігін хабарлайды. Көрсеткіштер болмаған кезде абоненттік төлем суды тұтыну нормасы бойынша жүргізіледі.

 

  Есепке алу құралдарының көрсеткіштерін келесі телефондар бойынша беруге болады:

  «Өскемен Водоканал» МКК өзінің тұтынушыларын 2013 жылғы 1 тамыздан бастап тұрғындардан суық су бойынша есепке алу құралдарының көрсеткіштерін ақпараттық-анықтамалық қызмет 70-08-78 телефоны бойынша қабылдайтынын хабарлайды. Қызметтің жұмыс уақыты: аптаның жұмыс күндері сағат 8-00-ден 19-00-ге дейін, сенбі күні сағат 8-00-ден 13-ке дейін.

  Сіз бұл жерде көрсеткіштерді беруден басқа, келесі сұрақтар бойынша ақпарат ала аласыз:

1. Сіздің дербес шотыңыз бойынша берешектің болуы / артық төлемдер;

2. Салыстыру актісін алу;

3. Тарифтер туралы білу;

4. Суық судың жеке есепке алу құралдарын орнату және тексеру туралы;

5. Шарт жасау туралы;

6. Қайта есептеу және т.б. туралы білу.

  Сонымен қатар, тұрғындардан көрсеткіштер тәулік бойы қабылданады:

  1. +7 701 517 44 05 телефоны бойынша мекенжайын, күнін және суық су мен ыстық су есептегіштерінің көрсеткіштерін көрсетумен SMS – хабарлама арқылы.

  2. Жеке тұлғалар үшін интернет арқылы www.ukg-vodokanal.kz  сайтында.