Заңды тұлғалар үшін

Хабарландыру


Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны хабарлайды:
тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің біріңғай номенклатуралық анықтамасына (БНА ТЖҚ) өзгерістер енгізілуіне байланысты 2018 жылдан бастап  сатып алу жүйелерінде тек жаңа 15-таңбалы кодтар қолданылатын болады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу порталында шартты тіркеу кезіне сәйкес шартты тіркеу және бекіту үшін Жеткізушілер көрсетуі тиіс.

Бетбелгі – «Шарттың мәндері» екі қызметтер көрсетіледі
КТРУ
360020.400.000003  Ауыз суды беру бойынша қызметтер
370011.900.000000 Ағынды суларды жою бойынша қызметтер

Әкімшілік


ХАБАРЛАНДЫРУ

  Есеп беру айы ішінде тұтынылған қызметтердің іс жүзіндегі көлемін есепке алу үшін «Өскемен Водоканал» МКК өз тұтынушыларынан әр айдың 22-інен бастап 25-ін қоса алғандағы кезеңде есепке алу құралдарының көрсеткіштерін беруді сұрайды.

  Су тұтыну және/немесе ағынды суларды бұру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттың 6-бөлімінің 18-тармағы 2-тармақшасына сәйкес Тұтынушы есеп айырысу кезеңінің 22-сінен бастап 25-і күнін қоса алғандағы кезеңде есепке алу құралдарының көрсеткіштеріне сәйкес есеп айырысу кезеңінде су пайдалану көлемдері туралы мәлімет ұсынуға міндетті. Есепке алу құралдарының көрсеткіштері келесі телефондар бойынша қабылданады:

  • 701 831 жұмыс күндері сағат 8-00-ден бастап 17-00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 12-ден бастап 13-ке дейін);
  • 531 730,  521 225 – факс;
  • +77015174405 SMS – хабарлама; онда шарттың №, мекенжайын, суық және ыстық суды есепке алу құралдарының көрсеткіштерін көрсету қажет;
  • www.ukg-vodokanal.kz. сайтында.

  Үлгілік шарттың бланкісі қоса берілген.

Үлгілік шарттың бланкісін шығару

  Заңды тұлғаларға қызметтерді жіберу және тұтынуды есепке алу

  Жіберілген судың мөлшері есепке алу құралдарының көрсеткіштері бойынша анықталады. Тұтынушының есепке алу құралдарсыз тура қосылуы Қызмет берушінің рұқсатымен уақытша жол беріледі. Бұл жағдайда жіберілген қызметтердің саны кәсіпорынның (ұйымның) жұмыс уақыты және аталған мекенжайы бойынша  орнатылған санитарлық-техникалық құралдар мен жабдықтарға арналған суды тұтыну нормалары бойынша есептік жолмен орнатылады.

  Тұтынушыдан ағынды суларды шығару жүйесіне шығарылатын судың мөлшері төмендегілерге теңестіріледі:

а) ыстық сумен қамтудың жабық жүйесі кезінде, жергілікті  су жылытқыштар пайдаланылған жағдайда – жіберілген суық судың мөлшеріне;

б) ыстық сумен қамтудың ашық жүйесі кезінде, ыстық су орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйесінен түсетін жағдайда – жіберілген суық судың, оған қоса ыстық сумен қамтуға жіберілген судың мөлшеріне.

  Тұтынушы ай сайын 22-нен бастап 25-ін қоса алғандағы мерзімде есепке алу құралдарының көрсеткіштеріне сәйкес есептік мерзімде суды тұтыну көлемдері туралы мәліметтерді береді. Мәліметтер төмендегілер арқылы берілуі мүмкін:

  1. Аптаның жұмыс күндері 701-831 телефоны бойынша;
  2. 52-12-25 факсі бойынша;
  3. Заңды тұлғалар үшін тәулік бойы Интернет арқылы www.ukg-vodokanal.kz сайтында;
  4. Тәулік бойы +7 701 517 44 05 телефоны бойынша кәсіпорынның атауын, мекенжайын, күнін және суық су мен ыстық су есептегіштерінің көрсеткіштерін көрсетумен SMS – хабарлама арқылы

  Заңды тұлғалар үшін қызметтердің құны және төлем тәртібі.

  Көрсетілген қызметтер үшін төлем реттеуші орган бекіткен тарифтер бойынша ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-не дейінгі мерзімде жүргізіледі.

  Төлем нысаны – қолма-қол ақшамен, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу.

  Суқұбыры мен канализацияға өз бетімен қосылу кезінде судың шығыны қосылу кезінен бастап өз бетімен қосылу фактісін анықтағанға дейінгі барлық кезең үшін су қозғалысының жылдамдығы 2 м/сек кезінде, құбыр тәулігіне 24 сағат қолданылған кезде оның толық қимасы бойынша анықталады.


ҚҰРМЕТТІ ТҰТЫНУШЫЛАР, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 2018 жылға сумен қамту және (немесе) су бұру қызметтерін көрсетуге арналған шарт жасаушылар!

Мемлекеттік сатып алу порталында шарт бекіткен кезде шартты тіркеп және бекіту үшін Жеткізуші келесі ақпаратты көрсетуі тиіс:

Бетбелгі – «Жалпы»
Түрі негізгі шарт

Шарт тізілімінде шарттың № – автоматты түрде толтырылады

Шарттың № –  «Өскемен Водоканал» МКК-мен жасалынған, сумен қамту және (немесе) су бұру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың № жазылады, (ішкі шарттың № бөлшектер шартына қосып жазу және т.б.– рұқсат берілмейді).

Шарт жасалған күн – автоматты түрде толтырылады
Шарт құрылған күн – автоматты түрде толтырылады
Соңғы өзгертілген күн – автоматты түрде толтырылады

Шарттың қазақ тіліндегі сипаттамасыСумен қамту жәнә (немесе) бұру қызметтерін көрсетуге арналған

Шарттың орыс тіліндегі сипаттамасы предоставление услуг водоснабжения и(или) водоотведения

Сатып алу мәнінің түріқызмет
Шарт жасау нысаны – электронды, типтік емес нысан
Белгі – «Шарттың мәндері» КТРУ екі қызмет жазылады
36.00.20.400.003.00.0777.000000000000 Ауыз су беру бойынша қызметтер
37.00.11.900.000.00.0777.000000000000 Ағынды суларды жою бойынша қызметтер

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

ҚР АҚ 43-бабының 3-тармағына сәйкес филиалдар заңды тұлғалар болып табылмайды және тиісінше азаматтық-құқықтық шарттар жасай алмайды.

Сумен қамту және (немесе) су бұру қызметтерін көрсетуге арналған шарт 2018 жылға филиалдармен Веб-порталда қол қойылмайды.

Егер шарт 2018 жылға мемлекеттік сатып алу порталында Жеткізушімен 31.01.2018 жылға дейін тіркелмеген және бекітілмеген болса, Тұтынушы 2017 жылғы шарттың жарамдылық мерзімін ұзартуға және шарттың сомасын өзгертуге қосымша келісім шарт жасайды және қол қояды.

Шот-фактуралар электрондық шот-фактуралық ақпарат жүйесіне шығарылып, қабылданғаннан кейін, яғни есеп айырысудан кейінгі келесі айдың 5-нен бастап 15 күндері аралығында, электронды шот-фактураларда (шарт жасалған күндер және т.б.) өзгертуге рұқсат берілмейді.