Кәсіпорын туралы

2002 жылдың бірінші қазанында Өскемен қаласы әкімінің № 2015 қаулысымен «Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны » болып құрылды.

Сумен жабдықтау тамырлары қала тарихында  өткен ғасырдың 40-шы жылдарына кетеді. Дәл сол кезде Өскеменде металлургиялық және энергетикалық кәсіпорындардың құрылысы басталады. Белсенді өсіп келе жатқан коммуналдық саланы дамытуды талап етеді. Ұзындығы 920 метрлік бірінші су құбыры қазіргі Құрылыс алаңшасыда пайда болды.  Ол жаңа пайда болып келе жатқан өнеркәсіп торабының қажеттіліктерін  қамтамасыз етті.

Жарты ғасырдан астам тарихы ішінде «Өскемен Водоканал» өңірдегі су өндіру, бөлу және ағынды суларды тазалау саласында сенімді алғы орындарға ие.

Қазіргі уақытта кәсіпорын барлық қала аумағында, сондай-ақ Өскемен әкімшілік бағынысындағы аудандар мен кенттердегі сумен жабдықтау және канализация желілері мен гимаратарына қызмет көрсетеді.

Қазіргі уақытта кәсіпорын 12 жер асты және бір ашық  бастоғандарға қызмет көрсетеді. Жалпы алғанда өндірілген су қаланың 860,3 шақырымнан астам тарату желілеріне жіберіледі. Кәсіпорын сумен камтамасыз етумен қатар ағынды суды жинау және тазалауды жүзеге асырады.
Кәріз жүйесі жалпы алғанда 479,6 шақырымды құрайды.

Кәсіпорынның объектілерінде қызмет көрсету, бақылаумен, сондай ақ пайдаланумен тәулік бойы режимде жаттыққан ұжым жалпы саны 1027 адам айналысады.

Сумен қамту және канализация желілерін жөндеу

2018 жылы сумен қамту желілерін қайта жаңарту

Инвестициялық бағдарламаны іске асыру барысында келесілер орындалады:

  • Әуежай және ҚМК ауданындағы суқұбыры желілерін қайта жаңарту
  • Красин кенті мен Шмелев Лог кентін сумен қамту желілерін қайта жаңарту
  • Ново-Троицкое ауылын сумен қамту желілерін қайта жаңарту
  • Южно-Аульская көшесінің бойындағы су құбыры желілерін электрмен жылыту әдісімен жылыту құрылғысы

Нұрлы Жол  бағдарламасы бойынша келесі объекті бойынша жұмыстар жалғасуда:

  • Солтүстік-Атаман және Төменгі Согра бастоғандарын қайта жаңарту (2-кезек)

2018 жылы су тарту желілерін қайта жаңарту.

Инвестициялық бағдарламаны іске асыру аясында келесілер орындалуда:

  • 31-КСС-нан канализациялық қысымды және өздігінен ағатынколлекторларды жөндеу
  • 1-КСС, 7-КСС, 24-КСС, Vosca КСС-нан канализациялық қысымды коллекторларды жөндеу

Тұрғындардың ЖЕҚ мен ЖҮЕҚ жарақтандырылуы (суық суды есепке алудың жеке құралдарымен және жалпы үй құралдарымен)

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша:

Кәсіпорын желісінен сумен қамтуы бар жақсы жабдықтал-ған үйлер Олардың ішінде: ЖҮЕҚ орнату үшін техникалық мүмкіндігі бар үйлер Барлығы ЖҮЕҚ  «Өскемен Водоканал» су шаруашылығы жүйесінің қызметтерін пайдаланатын жақсы жабдықталған және жеке сектордың барлық тұтынушылары Олардың ішінде: ЖЕҚ орнату үшін техникалық мүмкіндігі барлары ЖЕҚ жарақтандырылуы Техникалық мүмкіндігі барлардан орнату %
1 631 1 157 193 120 621 96 987 77 639 80,05