Кәсіподақ

«Өскемен Водоканал» МКК алғашқы кәсіподақ ұйымы.

  Кәсіподақ төрағасы – Ирина Николаевна Малышева, ж.т. – 53-14-71.

  «Өскемен Водоканал» МКК жұмысшыларының кәсіподақ ұйымы «Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және қызметтер саласы жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің құрамына кіреді.

  Бүгінгі күні кәсіподақ мүшелерінің саны кәсіпорын жұмысшыларының жалпы санының 80% мүшелігін қамтумен, 881 адамды құрайды.

  Кәсіподақ комитетінің құрамына цех комитеттері мен кәсіби топтардың 14 төрағасы кіреді. Айына бір реттен кем емес әкімшілікпен бірлесіп кәсіподақ комитетінің отырысы өткізіледі.

  Кәсіподақтың әрбір мүшесі үшін әлеуметтік кепілдіктер жасау және бекіту «Өскемен Водоканал» МКК кәсіподағы қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Кәсіпорында қолайлы жағдай жасауға, әлеуметтік серіктестікті дамытуға, кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті басым негізде әзірлеуге және қабылдауға қатысқан Ұжымдық шартты іске асыру маңызды үлес қосады. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі ұжымдық шарт әлеуметтік кепілдіктерді айтарлықтай кеңейтті және «Өскемен Водоканал» МКК жұмысшыларының әлеуметтік қорғалуын күшейтті.     Бұл құжат бойынша кәсіпорын және кәсіподақ комитеті жыл сайын материалдық көмектің әр түріне ақшалай қаражат бөледі: балалардың туылуына; материалдық жағдайының ауырлығына байланысты; емделуге; жақын туыстарын жерлеуге; мерейтой иелеріне,  15, 25, 35 жыл үздіксіз жұмыс өтілі үшін жұмысшыларға сыйлықақы беруге, жұмысшылар мен олардың балаларын Қазақстанның лагерлері мен шипажайларында сауықтыруға, мәдени-көпшілік жұмыстарға және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға. Сондай-ақ,  кәсіподақ кәсіпорындағы ата-аналарға балаларды мектепке даярлауға көмектеседі.

  Кәсіподақ кәсіпорын әкімшілігімен бірлесе отырып, Жаңа жылды қарсы алу, «8 Наурыз», «Жеңіс Күні» және т.б. іс-шараларды өткізуді ұйымдастыруға белсенді қатысады. Жаңа жыл қарсаңында кәсіподақ мүшелері кәсіпорын жұмысшыларының балаларын өздері құттықтайды және жаңа жылдық сыйлықтарды табыс етеді.

  Кәсіподақ комитеті өздерінің зейнеткерлерін, өндіріс ардагерлерін де ұмытпайды. Оларға да материалдық көмек және әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерде қолдау көрсетіледі. Мейрам күндері – Қарттар күні және Жеңіс Күні  ардагердің ешқайсысы кәсіподақ комитеті мүшелерінің қайырымды назарына ілінбей қалмайды.

  Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы кәсіподақ комитеті жұмысының басым мәселелерінің бірі болып табылады. Кәсіпорында кәсіподақтардың облыстық комитетінде дайындықтан және оқудан өтетін 14 қоғамдық инспектор жұмыс істейді.

  Бұдан басқа, кәсіподақ  кәсіпорын жұмысшыларына еңбек заңнамасына қатысты мәселелер бойынша  заң кеңестерін  және құқықтық көмек көрсетеді.

  Жұмыс мерзімі ішінде ұйым ұлғайып келеді, кәсіподақ қатарларының толығуы жалғасуда. «Өскемен Водоканал» МКК жұмысшылары кәсіподақ ұйымы мүмкіндіктерінің өсіп келе жатқанын көреді,  ұйымның  кәсіби қызметте және күнделікті мәселелерде көрсететін нақты қолдауын бағалайды.

Кәсіподақ өмірі