2002 жылдың бірінші қазанында Өскемен қаласы әкімінің № 2015 қаулысымен «Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны » болып құрылды.
Сумен жабдықтау тамырлары қала тарихында өткен ғасырдың 40-шы жылдарына кетеді. Дәл сол кезде Өскеменде металлургиялық және энергетикалық кәсіпорындардың құрылысы басталады. Белсенді өсіп келе жатқан коммуналдық саланы дамытуды талап етеді. Ұзындығы 920 метрлік бірінші су құбыры қазіргі Құрылыс алаңшасыда пайда болды. Ол жаңа пайда болып келе жатқан өнеркәсіп торабының қажеттіліктерін қамтамасыз етті.
«Өскемен Водоканал» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тәулік бойы үздіксіз сумен қамту, су бұруды және ақаба суларды тазартуды қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын қаланың барлық аумағында орналасқан сумен қамту және канализация желілері мен имараттарына, сондай-ақ Өскемен, Ахмер, Меновной, Прудхоз, Ново-Явленка, Самсоновка, Ново-Троицк ауылдарының әкімшілік бағынысындағы аудандар мен кенттерге қызмет көрсетеді.
Кәсіпорынның қызмет көрсетуінде барлығы 10 бастоған құрылысы бар. Өндірілетін су қаланың 1076 км астам су құбырының тарату желілеріне беріледі. Кәсіпорын су берумен бір мезгілде ақаба суларды жинауды және тазалауды жүзеге асырады. Канализация құбырлар жүйесінің жалпы ұзындығы 548 километрді құрайды.
Кәсіпорын нысандарына тәулік бойы қызмет көрсетумен, бақылаумен және пайдаланумен жалпы саны 707 адамнан тұратын үйлесімді ұжым жұмыс жасайды.
Сумен қамту және канализация желілерін жөндеу
2018 жылы сумен қамту желілерін қайта жаңарту
Инвестициялық бағдарламаны іске асыру барысында келесілер орындалады:
- Әуежай және ҚМК ауданындағы суқұбыры желілерін қайта жаңарту
- Красин кенті мен Шмелев Лог кентін сумен қамту желілерін қайта жаңарту
- Ново-Троицкое ауылын сумен қамту желілерін қайта жаңарту
- Южно-Аульская көшесінің бойындағы су құбыры желілерін электрмен жылыту әдісімен жылыту құрылғысы
- Нұрлы Жол бағдарламасы бойынша келесі объекті бойынша жұмыстар жалғасуда:
- Солтүстік-Атаман және Төменгі Согра бастоғандарын қайта жаңарту (2-кезек)
2018 жылы су тарту желілерін қайта жаңарту.
Инвестициялық бағдарламаны іске асыру аясында келесілер орындалуда:
- 31-КСС-нан канализациялық қысымды және өздігінен ағатынколлекторларды жөндеу
- 1-КСС, 7-КСС, 24-КСС, Vosca КСС-нан канализациялық қысымды коллекторларды жөндеу
Тұрғындардың ЖЕҚ мен ЖҮЕҚ жарақтандырылуы (суық суды есепке алудың жеке құралдарымен және жалпы үй құралдарымен)
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша:
| Кәсіпорын желісінен сумен қамтуы бар жақсы жабдықталған үйлер | Олардың ішінде: ЖҮЕҚ орнату үшін техникалық мүмкіндігі бар үйлер | Барлығы ЖҮЕҚ | «Өскемен Водоканал» су шаруашылығы жүйесінің қызметтерін пайдаланатын жақсы жабдықталған және жеке сектордың барлық тұтынушылары | Олардың ішінде: ЖЕҚ орнату үшін техникалық мүмкіндігі барлары | ЖЕҚ жарақтандырылуы | Техникалық мүмкіндігі барлардан орнату % |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 760 | 1 285 | 302 | 135 591 | 98 018 | 85 546 | 87,27% |