07.04.2021
2021 жылғы 03 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінің зейнеткері - Евгений Валерьевич Феоктистов дүниеден озды.
Е.В. Феоктистов 1938 жылы 05 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауылында дүниеге келген.
Өскемен жол-құрылыс институтының (ӨЖҚИ) «Сумен қамту және канализация» факультетін бітірген.
Учаске мастерінен бастап Өскемен қаласының «Водоканал» коммуналдық кәсіпорнының директорына дейінгі еңбек жолынан өтті.
1990 жылдан 2000 жылға дейін облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс басқармаларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
Оның тікелей қатысуымен осы жылдар ішінде Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарында су құбыры, су бұру және жылумен жабдықтау объектілері салынды және пайдалануға берілді.
Әр жылдары ол Д. Серікбаев атындағы (бұрынғы ӨҚЖИ) Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Сумен қамту және канализация» факультеті жанындағы мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы болды.
Е.В. Феоктистов Шығыс Қазақстан облыстық Әкімшілігі басшысының, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Комитетінің наградаларымен және Құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталған.
Оның жолдастары, әріптестері және Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының ардагерлері Евгений Валерьевич Феоктистовтың туыстары мен жақындарына - Евгений Валерьевичтің дүниеден озуына байланысты шын жүректен көңіл айтады. Біз сіздердің орны толмас қайғыларыңызға ортақпыз.
Оның даңқты өмір жолы өскелең ұрпақ үшін лайықты үлгі болып табылады, ол ұзақ және жарқын өмір сүрді, табыс пен құрметке қол жеткізді. Туыстары мен жақындарының естерінде жарқын бейнесі мәңгі қалады.
Мәңгі есіміздесіз!
