Төтенше жағдай кезінде айыппұл алынбайды

01.04.2020

Құрметті тұтынушылар
(заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер)!

        Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» ШЖҚ-дағы МКК төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты (Қазақстан Республикасы Президентінің 15.03.2020 жылғы №285 Жарлығы) 2020 жылғы 01 сәуірден бастап заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге уақтылы төлемегені үшін өсімақы есептеу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды. Пұрсаттылықтардың аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарланатын болады.

        Сізді қызықтыратын барлық сұрақтарды мына телефондар бойынша қоюға болады:

70-18-31 «Өскемен Водоканал» МКК заңды тұлғаларға қызмет көрсету бойынша Call-орталық;

53-17-69 - тұтынушылармен жұмыс жөніндегі бухгалтер;

77-59-62 - «Өскемен Водоканал» МКК заңды тұлғалармен шарт жасау бөлімі.

        Шарт жасау немесе қайта есептеу жүргізу үшін «Өскемен Водоканал» МКК құжаттардың көшірмелерін электрондық пошта арқылы жіберуге болады: vodokanal.yurlica@gmail.com; secvoda@mail.ru

        Қарызды жинамаңыз, төлемді уақытында жүргізіңіз! 

        Өз денсаулығыңды сақтаңыз!